Күннен күнге қаланың әрі сәнін келтіріп тұрған, әрі жақсы демалуға болатын жер. Тал-дарақтары бой алып, қыста ық, жазда көлеңке мен таза ауа беріп, бала-шағамен керемет уақыт өткізетін баққа айналды.
Сонымен қатар, денсаулығыңызды реттеу, жақсарту мақсатында көптеген алаңшалар қызмет көрсетеді.
Палауы керемет!!! Басқа тағамдары да дәмді, кәуап, самса т.б.
Бірақ, қызмет көрсетуі өте төмен. Түнде үйіне басакөктеп келіп, оятып алып, тамақ сұрап отырғандайсың.
Қайта жөндеуден өтіп, керемет сарай ретінде қызмет атқарып тұр. Үкіметтің ресми іс-шаралары осы сарайда өткізілуде. Айналасы да өте сәнді саябақпен үйлеседі.
Өте керемет ТҮК. Қызмет көрсету компаниясы барлығын дер кезінде орындайды. Фильтрдегі су автотұрақта орналасуы да өте ыңғайлы. Үйдің екі блогында да дүкендер бар.
Үйдің ішін білмеймін, сырты шаршаңқыраған. Мәрмәрі шытынап түсуде. Бизнес жайларға көтерілетін сатылар қолайсыз. Бетоны ойық-ойық, мүжілген. Ғимараттың түнде жарықтандырылуы жоқ.
Құрылысқа қажетті құралдардың барлығы бар. Тіпті жалға электр құралдары да қарастырылған. Сонымен қатар, есік, ламинат сияқты заттарды да алуға болатын дүкен.
Өте жақсы дүкен, барлығы бар деуге болады. Азық-түлік, жеміс-жидек, үйге қажетті майда-шүйде мен тұрмыстық химия. Сатушылары өте биязы. Кәсібіне сәттілік!!!
Донеріне сөзім жоқ, бірақ кезекті өзге тілде айтуы намысыма тиді. Ішінде қаракөз қандастардан басқа өзге этнос өкілдері жоқ. Дегенмен айтқан ескертуіме құлақ асып, мемлекеттік тілде айта бастағанына көп рахмет!!!